Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифі өзгерді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығына сәйкес, көлік жүргізушілері 3 қазаннан бастап жол ақысын жаңа тарифпен төлейді.
Баға айлық есептік көрсеткішке байланысты есептеледі. Жалпы алғанда 11 ақылы жолдың тарифі қымбаттады.
«Астана – Щучинск», «Астана – Теміртау», «Тараз – Қайнар» және «Қонаев – Талдықорған» тас жолдарында жеңіл көліктер үшін 200-300 теңге аралығында болмақ.
«Алматы – Қорғас» бағытындағы жолға 359 теңге, «Астана – Павлодар» бағытына 456 теңге және «Шымкент – Қызылорда» тас жолына 527 теңге деп бекітілді.
«Щучинск – Көкшетау», «Алматы – Қонаев», «Шымкент – Тараз» және Шымкенттен Өзбекстан шекарасына қатынайтын жол ақысы арзандау, 72-120 теңге аралығында болады.