Басты бетЖаңалықтарМинистрлік: Студенттердің...

Министрлік: Студенттердің шәкіртақысы жақын арада түседі

Ғылым және жоғары білім министрлігі жақын арада барлық студент шәкіртақысын алатынын айтты.

Мәселені Ғылым және жоғары білім министрінің бақылап отыр. Жаңа бағдарламаға көшуге байланысты шәкіртақы төлеу мерзімі шегерілді. Кеше шамамен бес жоғары оқу орнының студенттері шәкіртақысын алды. Екі-үш күн ішінде барлық студент шәкіртақысын толық көлемде алады, — деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметі.

2021 жылдан бері шәкіртақы тікелей студенттің есепшотына түседі, яғни шәкіртақыны ЖОО емес, ғылым және жоғары білім министрлігі жібереді.