Астана мен Алматыдан да қымбат: Оралда жолақы бірден 40 теңгеге қымбаттайды

Ашық НҚА порталында жарияланған қаулы жобасы бойынша, Орал қаласының әкімдігінің жолақыны қымбаттатуды жоспарлап отыр.

Орал қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері төлем тәсіліне байланысты келесі мөлшерде белгіленсін: Жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері немесе көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы төлегенде – 120 теңге; жол ақысын қолма-қол ақшамен төлегенде – 200 теңге, – делінген қаулы жобасында.

Орал қаласында жолақы Астана мен Алматы қаласынан да қымбат (бұл қалаларда жолақы 100 теңге) болады.

Қаулы жобасын жария талқылау 10 қазанда аяқталады.