Доллар 480 теңгеге дейін қымбаттады

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 476 – 480 теңгеден саудаланып жатыр.

Қор нарығында 26 қыркүйек кешке өткен сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 477,05 теңге болған.

Ұлттық банктің 27 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы – 1 долларға 476, 89 теңге.

Kurs.kz дерегі бойынша, Астанада 1 доллар 476 – 480 теңгеден ұсынылып жатыр. Ал Алматыда аталған валюта 476,5 – 480 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің Ресей рубліне белгілеген орташа сараланған бағамы – 4,95 теңге. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 4,79 – 4, 93 теңге, Астанада 4,85 – 5,02 теңгеден сатылып жатыр.