Ұлттық банк доллардың бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 26 қыркүйекке арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллардың құны – 476 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,9 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474-479 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 476.8-479 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4.77-4.92 аралығында саудаланып жатыр.