21 жасқа толмаған қазақстандықтарға энергетикалық сусын алуға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің энергетик, тәтті сусындарды ішуі 17,5%-ке тең. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында айтты.

Министрдің айтуынша, 21 жасқа дейінгі адамдарға энергетик сусындарды сатуға тыйым салуды енгізу жөніндегі норманы талқылау рәсімі жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар елімізде темекіні тұтынуды азайту үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі өнімдеріне акциздің ставкалары көтерілді. Вейптер, олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына толық тыйым салуды енгізу бойынша мәжілісте заңға өзгерістер қарастырылды.