Ғабидолла Оспанқұлов Қазақстан Республикасы үкімет аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет қаулысымен Ғабидолла Абдуллаұлы Оспанқұлов Қазақстан Республикасы үкімет аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды,- делінген хабарламада.