Алматыда Almaty Museum of Arts заманауи өнер музейінің құрылысы алаңында медиа тур ұйымдастырылды. Экскурсияны музейдің негізін қалаған Нұрлан Смағұлов өткізді.

Орталық Азия аумағындағы алғашқы заманауи өнер музейі — Almaty Museum of Arts-тың негізін коллекционер және меценат Нұрлан Смағұлов қалады. Оның сәулетін Сан-Францискодағы заманауи өнер музейі, Бильбаодағы Гуггенхайм музейі, Дохадағы Катар ислам өнері музейі, Париждегі Помпиду орталығы мен Лувр жобаларымен айналысқан халықаралық музейі жоспарлау жөніндегі Консалтинг компания — Lord Cultural Resources-пен бірлесіп, әлемнің 60-тан астам елінде бой көтерген ғимараттардың авторы британиялық Chapman Taylor сәулет бюросы жобалады. Chapman Taylor аймақтық директоры Крис Ланксбури (Chris lanksbury) ғимараттың архитектуралық тұжырымдамасымен бөлісті. Мұражай Тау мен Қаланы бейнелейтін L-тәрізді екі қиылысатын ғимараттан тұрады. Қиылысатын пішіндер «Өнер көшесі» деген ішкі жабық кеңістікті құрап, Назарбаев даңғылы жағындағы басты кіреберісті жаңа Балет театрының кіреберісімен байланыстырады. Тау шатқалына ұқсайтын бұл кеңістік мұражайдың негізгі «артериясы» және сәулетшінің ойымен қаладағы жаңа кеңістік қонақтарға есігін айқара ашқан орын болады.

Almaty Museum of Arts
Фото: Almaty Museum of Arts

Мұражайда тұрақты экспозициялар үшін залдар, табиғи жарығы бар, биіктігі 12 метр, аумағы 1000 шаршы метр болатын уақытша экспозициялар залы қарастырылған. Мұндай зал өнер сүйетін алматылықтарға нағыз сыйлық болады, өйткені бұл жерде кез келген халықаралық көрмелер ұйымдастыруға мүмкіндік бар.  Температура мен ылғал режимі, жарықтандыру көрсеткіштері музей стандарттарын қатаң сақтайды. Мұражай болашаққа деген көзқараспен жобаланған және ол ең нәзік экспонаттардан бастап монументалды иммерсиялық сандық инсталяцияларға дейін кез келген туындыны көрсетуге болатын инфрақұрылымға ие.

Мұражайдың инженерлік жобасымен Лондондағы Британ мұражайы Абу-Дабидегі Лувр, Лос-Анджелестегі LACMA мұражайларына инженерлік шешімдер әзірлеген британиялық Buro Happold консалтингтік компаниясы айналысты. 

Көрме залдарынан бөлек мұражайда концерт, кино көрсетілімдер, театр қойылымдары мен дәрістер өткізуге арналған трансформер-көпфункционалды зал, балалар мен ересектерге білім беру бағдарламаларын өткізуге арналған шеберхана, abr  ресторандар тобының бас аспазы Руслан Закировтың авторлық кафе-бистросы, мұражайдың кәдесый өнімдерін, қазақстандық шеберлердің бұйымдары мен кітаптар сататын кәдесый дүкен, сурет, графика және мүсіндерді қалпына келтіретін жаңа жабдықтары бар шеберхана, 5000-нан астам туындыны сақтауға қабілетті жалпы ауданы 1200 шаршы метр болатын графикалық, мүсіндік жұмыстар мен өнер туындыларын сақтауға арналған кәсіби қойма бар.

Құрылыс кезінде музейдің алдағы бағдарламасы мен  коллекцияны толықтыру бойынша жұмыстар белсенді жүріп жатыр. Коллекция мен алдағы көрмелер туралы өнертанушы, Almaty Museum of Arts музей қызметі жөніндегі директор Меруерт Қалиева айтып берді.

Almaty Museum of Arts
Фото: Almaty Museum of Arts

Мұражай ең алдымен тірі организм және біз сіздер үшін көрмелер, қоғамдық және білім беру бағдарламалары кіретін қарқынды бағдарлама дайындап жатырмыз. Мұражайдың қаламыздағы маңызды бөлшектердің біріне айналғанын қалаймыз және мұнда әртүрлі жастағы, қызығушылығы бөлек адамдар достарымен кездесуге, араласуға немесе керісінше жалғыз қалып, ойға шомылуға келеді деп үміттенеміз, бұл жерде жаңа білім алуға және әлемнің жетекші суретшілерінің туындыларын көруге келіге болады, – деді Меруерт Қалиева.

Almaty Museum of Arts
Фото: Almaty Museum of Arts

Музейге қойылатын коллекциялардың негізгі бөлігі — Нұрлан Смағұловтың кейінгі 30 жылда жинаған 20 ғасырдағы қазақстандық өнер туындылары. Қазір мұражайда белсенді жинау жұмыстары жүріп жатыр және оған  Орталық Азияның заманауи суретшілерінің де, халықаралық авторлардың да туындылары сатып алынды. Былтыр Венеция биенналесі кезінде неміс суретшісі Ансельм Кифердің монументалды инсталляциясы сатып алынды. Эмульсия, акрил, күйген ағаш, көмір, отқа күйген кітаптар мен металл сымдардан тұратын инсталяция «Бұл шығармаларды өртегенде, әлем шамалы болса да жарыққа бөленеді» деп аталады және ол суретшінің ең маңызды жұмыстарының бірі. Ол Венециядағы Дож сарайында өткен суретшінің жеке көрсетілімінде ұсынылды, туынды шығарманың және бүкіл көрменің атауына қолданылған фразаның авторы – италиялық философ Андреа Эмоның еңбектеріне арналған.

Америкалық мүсінші, әйгілі шебер Ричард Серрдің ұзындығы 25 метр болатын «Қиылыс» монументалды мүсініне арналйы жеке зал бөлінді. Салмағы ауыр, биіктігі ұзын мүсіндерді әдетте автордың рұқсатынсыз орынан қозғауға болмайды, сондықтан олар өнер сүйер қауым үшін нағыз табынушылық орындарға айналады. Жан-жағынан және ішкі бөлігінде қиылған қисық сызықтар келішілерді бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз, көрермен мүлдем жаңа және күтпеген эмоциялар сезінеді. Сондай-ақ, мұражайдың іргелес аумағында әйгілі әлемдік суретшілердің жаңа мүсіндері орналасады.

Almaty Museum of Arts
Ричард Серраның туындысы. Фото: Almaty Museum of Arts

Мұражайдың сыртқы бөлігі – мұражайға келушілердің көзіне бірінші кезекте түсетін аумақ және біз үшін ол өте маңызды. Себебі осы уақытқа дейін заманауи өнермен ешқашан таныс болмаған адамның өзі бұл туындыларды көргенде арнайы сарапшы маманды қажет етпеуі керек. Британды-нигериялық суретші Йинка Шонибаренің, испаниялық Джауме Пленстің және арғы тегі поляктардан шыққан неміс суретшісі Алисия Кваденің туындыларынан таңдап алынған үш мүсін біздің сана-сезімімізге әсерлі болатыны анық және ол уақыт кеңістігінде ойнауы да ғажап емес. Оларды әртүрлі деңгейде қабылдауға болады, – деді Меруерт Қалиева.

Almaty Museum of Arts
Фото: Almaty Museum of Arts

Биыл мұражай коллекциясы Үлкен сұранысқа ие заманауи суретшілердің бірі – жапониялық Яеи Кусамыдың туындысымен толықты. Бірнеше онжылдықтар бойы Кусама «шегі жоқ бөлмелері» деп аталатын иммерсиялық инсталяциялар жасаумен айналысып келеді. Келушілер калейдоскопиялық сезім тудыратын ерекше формалар, нүктелер мен айнаның түрлі пішіндер көре алады. Біздің мұражайдағы «шегі жоқ бөлме» «Махаббат шақырады» (2013) туындысы осы сериядағы ең үлкен қондырғы және суретші жапон тілінде өз шығармасының өлеңін оқитын дауыспен байланысқан. «Шегі жоқ бөлмелер»  әлемнің көптеген мұражайларында қойылды және оларды өз көзумен көруге асыққан жандардың санынан жаңылуға болатын. Мұражай ғимаратында құрылыс жүріп жатқанда кезеңде Almaty Arts Museum Кусама инсталляциясын осы жылдың қазан айында Сан-Францискодағы МОМА мұражайында ашылатын суретшінің көрмесіне қуана ұсынды. Ал келесі жылы инсталляцияны біздің мұражайдан көруге болады.