Басты бет Жаңалықтар GGG Қарағандыға келуі мүмкін

GGG Қарағандыға келуі мүмкін

Қарағанды маңындағы Майқұдықта салынып жатқан денешынықтыру және сауықтыру орталығына Геннадий Головкиннің аты берілмек. Ашылуы салтанатына боксшының өзі де қатысады деп күтілуде.

Ғимарат «Спорт нысандарын дамыту» бағдарламасының аясында 2014 жылы бастап салына бастады. Кешенді салуға қаржы облыстық және қалалық бюджеттен бөлінген.

«Денешынықтыру және сауықтыру кешенінде адамдардың спортпен айналысуы үшін қажетті құрал-жабдықтардың жеткілікті қамтылуы мен жабдықталуына байланысты өз пікірлері мен ескертпелерін айтып, тиісті өзгерістер енгізу үшін облыстың бокс, ауыр атлетика, баскетбол, волейбол және жүзуден ең мықты жаттықтырушыларды шақырдық», — деді Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров.

Бұл кешен барлық жастағы тұрғындарға арналмақ. Сондай-ақ, орталықтың барлық секциялары тегін жұмыс істейтін болады. Онда баскетбол, футбол мен волейболға арналған әмбебап спорт залы, ауыр атлетикаға, боксқа арғалған залдар мен 25 метрлік жүзу бассейні де болады.

«Денешынықтыру және сауықтыру кешенін үстіміздегі жылда ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Мамыр айының соңы немесе шілде айының басында болуы мүмкін. Орталықтың ашылу салтанатына жерлесіміз Геннадий Головкинді шақыру да жоспарда бар», — деді Нұрлан Әубәкіров.

 

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version