Басты бет Жаңалықтар Геннадий Головкин салмақ дәрежесін ауыстырады

Геннадий Головкин салмақ дәрежесін ауыстырады

Геннадий Головкин Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу туралы келісе алмаса, салмақ дәрежесін ауыстырады. Бұл туралы GGG бапкері Абель Санчес айтты.

allboxing.ru

«Геннадий орта салмақтағы барлық тиулды алған соң, бұл дәрежеде жүре берудің еш мәні қалмайды. Маусым айында  Билли Джо Сондерспен кездескен соң, GGG салмақ ауыстырады. Ары қарай… Егер «Канеломен» келісе алсақ, онымен де кездесеміз. Болмаса, екінші дәрежелі орта салмаққа ауысамыз»,-дейді Санчес BoxingNews24-ке берген сұхбатында.

Жаттықтырушының айтуынша, екінші дәрежелі салмақта Геннадиймен кездесетін адамдар көп. Соның бірі Хильберто Рамирес шаршы алаңда GGG-мен кездескісі келетінін айтқан.

Айта кетейік, ақпарат құралдары Головкин-Сондерс жекпе-жегі маусым айында Астана қаласында өтетінін жазып жатыр. Ал, Головкин-Конело кездесуі қыркүйекке жоспарланған. Алайда, келіссөздер әлі аяқталған жоқ.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version