Ғарыштық мониторинг көмегімен анықталған стихиялық қоқыс үйінділерінің 77%-і жойылған. Бұл туралы премьер-министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, қоқыс орындарының ең көп саны Қарағанды, Ақмола облыстарында және Астана қаласында орналасқан.
Ақмола облысы бойынша – 830 (оның 88%-і жойылды) және Қарағанды облысында – 745 (оның 99%-і жойылды).
Биылғы мамырдан бері 5578 қоқыс орны анықталып, оның небары 50%-і жойылды. Қоқыстарды жою жұмыстарының төмен көрсеткіштері Абай және Маңғыстау облыстарында – 16%, Ұлытау облысында – 20% және Астанада – 30% тіркелді,- делінген хабарламада.
Қазір GPS-датчиктердің көмегімен қоқыс шығаратын техниканың қозғалысын бақылаудың ақпараттық жүйесі сынақтан өтіліп жатыр. Келесі жылы оны өнеркәсіптік пайдалануға беру жоспарланып отыр.