Басты бетЖаңалықтарҚазақстан мен...

Қазақстан мен Беларусь премьер-министрлері өнеркәсіптік кооперация жобаларын талқылады

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Беларусь премьер-министрі Роман Головченко сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Бұл туралы премьер-министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу «ИННОПРОМ. Қазақстан» халықаралық өнеркәсіп көрмесі қарсаңында өтті. Былтыр екіжақты тауар айналымы 23%-ке өсіп, $1 миллиард шегінен асты. Премьер-Министрдің айтуынша, өсімнің жоғары серпінін сақтау үшін жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің ауқымын кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажет.

Сонымен қатар екі ел арасындағы серіктестіктің қозғаушы күшінің бірі – өнеркәсіптік кооперация. Мәселен, қазірдің өзінде құны $180 миллионға жуық сегіз жоба жүзеге асырылып, соның негізінде 1400 жаңа жұмыс орны ашылды.

Іске асыру сатысындаға екі жоба бар. Олардың құны — $19 миллион. Бұл ретте Қазақстан мен Беларусь ведомстволары 800-ге жуық жұмыс орнын құру арқылы құны $100 миллионнан асатын тағы төрт жобаны іске қосу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Қазақстан индустриялық ынтымақтастықты дамытуға, жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға және қолданыстағы өндіріс орындарының қуатын кеңейтуге мүдделі, — деді Әлихан Смайылов.

Оған қоса Беларусь премьер-министрі Қазақстан мен Беларусь табысты ынтымақтастық жобалары осы бағытты одан әрі дамыту үшін үлгі бола алатынын атап өтті.

Бүгінде бірлескен өндірістік қуаттар қазірдің өзінде Қазақстанда жылына 10 мың трактор мен бір мыңға дейін комбайн шығаруға мүмкіндік береді. Біз бұл жобаларға алдағы уақытта да қолдау күтеміз, — деді Роман Головченко.

Сонымен қатар ол агроөнеркәсіптік кешен, өрт сөндіру-құтқару техникасын өндіру және құрылыс саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету перспективаларын атап көрсетті.