Басты бетЖаңалықтарЗаңсыз жалға...

Заңсыз жалға берілген 600-ден астам пәтер анықталды

«Елордалық учаскелік полицейлер заңсыз жалға беріліп келген 616 пәтерді анықтады. Яғни, аталған пәтерлердің иелері өз баспаналарын рұқсат құжаттарынсыз жалға беріп келген. Қазіргі уақытта 616 пәтерге қатысы бар барлық құжаттар Мемлекеттік кірістер комитетіне жолданды. Өйткені, бұл мәселе солардың құзыретіне жатады. Оларды қандай жаза күтіп тұрғанын да Мемлекеттік кірістер комитеті шешетін болады. Біз оларды жауапкершілікке тарта алмаймыз», — деді Азамат Садықов.

Сондай-ақ оның айтуы бойынша, Астанада пәтерін интимдік қызмет көрсететіндерге жалға беріп келген адамдар да анықталған.

«Интимдік қызмет көрсететіндерге пәтерін жалға бергендігі анықталған жадайда біз ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 450-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. Қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша мұндай 12 пәтер анықталды және олардың иелері жазаланатын болады», — деді жергілікті полиция бастығы.

ДереккөзInform.kz