23 қыркүйектен 23 қазанға дейін Ақтаудағы әуежай таңертеңгі және кешкі рейстерді қабылдап алу-жөнелту кезінде ғана істейді. Бұл туралы Inaktau.kz хабарлады.
2023 жылғы 23 қыркүйек пен 23 қазан аралығында (күн сайын жергілікті уақыт бойынша 09:00-ден 21:00-ге дейін) жүзеге асырылатын ұшу-қону жолағы жөнделеді.
Жол төсемдері бетіне жүргізілетін ағымдағы жөндеу жұмыстары ұшу, ұшақтар мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қолға алынып отыр. Жөндеу жұмыстары кезеңінде рейстер уақыты таңертең және кешкіге ауыстырылады, әуе компаниялар өкілдерінен ақпаратты алдын ала нақтылап алу ұсынылады», делінген хабарламада.