Алматы әуежайында жаңа автотұрақ ашылды

Алматы халықаралық әуежайында 140 орынға есептелген жаңа автотұрақ ашылды. Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайдың корпоративтік коммуникациялар департаменті хабарлады.

Департамент таратқан хабарға сәйкес, жаңа автотұрақ оңтүстік VIP терминалының вокзал аймағында орналасқан. Қыркүйек айының соңына қарай тағы бірнеше орынға автотұрақ ашылады.

Қыркүйек айының басында әуежайдың екінші қабатына көтерілуіне мүмкіндік беретін көліктерге арналған пандус ашылған.

Қазір аумағы 55 мың шаршы метр болатын халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ол 2024 жылдың маусым айында аяқталады деп жоспарланған.