Басты бетЖаңалықтарҚостанай тұрғыны...

Қостанай тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды – ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Қостанай қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтағанын хабарлады.

Қостанай облысының Бейімбет Майлин атындағы аудандық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды, — деп жазылған хабарламада.

Сотталған азамат әлеуметтік желілерде діни-экстремистік сипаттағы бейнероликтерді, терактілердің және кепілге алынған адамдарды өлімге кесу көрінісін, сонымен қатар халықаралық террористік ұйымдардың символикасын жариялаған.