Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар үшін Түркияда кедендік бақылау рәсімдерін жеңілдететін заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының үкіметі мен Түркия Республикасының үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды, — делінген хабарламада.
Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы келісім 2022 жылғы 10 мамырда Анкарада қабылданды.