Алматыда полицейлер қоғамдық орындарда рейд жүргізіп жатыр. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
5-22 қыркүйек аралығында қоғамдық орындарды ластаудың 234 дерегі анықталды. Қоғамдық орындарда түкірген 103 адамға айыппұл салынды.
Осы деректер бойынша құқық бұзушылар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексітң 434-2-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл сомасы 1 млн 770 мың теңге болды.
Жалпы жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны үшін 4 902 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 84 млн 559 мың 500 теңге айыппұл салынды.