Көкөністің бағасы тамызда 6%-ке арзандағанымен, былтырға қарағанда 12%-ке қымбаттады. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.
Биыл бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша елімізде көкөністің импортының көлемі көбейді. Мысалы, баклажан импортының көлемі 7,7% артып, 2,4 мың тоннаға жетті.
Сонымен қатар мына көкөністер импортының көлемі азайды: ақбас қырыққабат — 60,1%-ке, 36,3 мың тоннаға дейін, асханалық сәбіз — 48,2%-ке, 15,3 мың тоннаға дейін, картоп — 42,8%-ке, 22,1 мың тоннаға дейін, бұрыш — 38,5%-ке 15,9 мың тоннаға дейін, сарымсақ — 31,6%-ке, 2,4 мың тоннаға дейін, қызанақ — 18,3%-ке, 41,2 мың тоннаға дейін, асханалық қызылша — 13,3%-ке, 7,5 мың тоннаға дейін, қияр — 9,1%-ке, 6,8 мың тоннаға дейін, пияз — 2%-ке, 178,8 мың тоннаға дейін, бақша дақылдары — 0,6%-ке, 40,9 мың тоннаға дейін.
Қазақстаннан мына көкөністерді экспорты көбейді: картоп (13,2 есе, 108,8 мың тоннаға дейін), баклажан (3,4 есе, 64,6 тоннаға дейін), сәбіз (2,4 есе, 5,4 мың тоннаға дейін), пияз (95,3%-ке, 59,8 мың тоннаға дейін), бұрыш (86,3%-ке, 1 мың тоннаға дейін), сарымсақ (37,6%-ке, 527 тоннаға дейін), қияр (18,1%-ке, 3,5 мың тоннаға дейін), қырыққабат (9,6%-ке, 5,4 мың тоннаға дейін),- делінген хабарламада.
Қызанақ (16%-ке, 7,3 мың тоннаға дейін), бақша дақылдары (26,7%-ке, 3,4 мың тоннаға дейін), асханалық қызылша (59,9%-ке, 356,2 тоннаға дейін) көкөністер экспорт көлемі азайды.
Морковь подорожала на 1,7% за месяц и на 6,5% за год, до 196 тг за кг. Цена на картофель уменьшилась на 4% за месяц и на 0,3% за год, до 170 тг за кг. Огурцы подешевели на 4,7% за месяц, однако подорожали на 6,8% за год, до 394 тг за кг. Цена на помидоры снизилась за месяц на 12,9%, но при этом выросла на 15,4% по сравнению с августом 2022 года, до 475 тг за кг. Репчатый лук упал в цене на 22,5% за месяц и на 10,8% за год, до 147 тг за кг.
Сәбіз бір айда 1,7%-ке, ал бір жылда 6,5%-ке, бір килограммы 196 теңгеге дейін қымбаттады. Картоптың бағасы бір айда 4%-ке, ал бір жылда 0,3%-ке, бір килограммы 170 теңгеге дейін төмендеді. Қияр бір айда 4,7%-ке арзандаса да, бірақ бір жылда 6,8%-ке және бір килограммы 394 теңгеге дейін қымбаттады. Қызанақтың бағасы бір айда 12,9%-ке төмендесе де, 2022 жылғы тамызбен салыстырғанда 15,4%-ке, бір килограммы 475 теңгеге дейін өсті. Пияздың бағасы бір айда 22,5%-ке, ал бір жылда 10,8%-ке, бір килограммы 147 теңгеге дейін төмендеді,- делінген ведомствода.