Ақтөбеде заңсыз онлайн казино ұйымдастырған үш адам тергеуге алынды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Ұйымдастырушылар қазақстандықтарға тыйым салынған сайттарға сілтеме мен біржолғы логин және пароль беріп, ойыншылардан банк қосымшасы арқылы ставкалар қабылдаған.
Осылайша ұсталған азаматтар ойыншыларға нақты ұтыстар беріп, тиісті лицензиясыз құмар ойын түріндегі заңсыз қызмет көрсеткен.
Алдын ала есеп бойынша, заңсыз қызметтен түскен қаржы айналымының жалпы сомасы — 490 миллион теңге, ал ойыншылар саны — 800 адамнан асады. Кәмелетке толмағандарды заңсыз ойын бизнесіне тарту фактілері тексеріліп жатыр, — делінген хабарламада.
Күдіктілерден заңсыз ойын қызметіне қатысты заттар, құжаттар және ақша табылып, тәркіленді.