22 қыркүйекте Алматыда жаңбыр жауып, күннің соңына дейін созылады. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
22 қыркүйекте күндіз Алматы облысының оңтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жауу мүмкін. Облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын, қар күтіледі,- делінген хабарламада.
Оңтүстігінде, облыстың таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Кешке облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Найзағай кезінде солтүстік-батыс желдің екпіні 15-20 м/с.