Бақытжан Сапиев президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы Aqorda.kz хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды,- делінген хабарламада.
Ол бұрын президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.