Зүлфия Сүлейменова Президент кеңесшісі – президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2023 жылғы 4 қаңтардан 1 қыркүйекке дейін ол Экология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды.