1 миллиард теңгеге жуық ақшаны ұрлау ісі бойынша халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық күдікті Түркиядан елге экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Күдікті 2014 жылдан бері іздеуде жүр.
Бұл азамат құрылыс компанияларының жалпы сомасы шамамен 1 млрд теңгеге жуық ақша қаражатын жымқырды деп күдіктеліп отыр, – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.
Ведомсвтоныі мәліметі бойынша, ол ұрлаған ақша әлеуметтік мақсаттағы объектілерді салуға арналған. Олардың арасында аурухана да бар.
Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады, — делінген Бас прокуратураның хабарламасында.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.