Таулы Қарабақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы тобының Түркия, Еуропа және Израиль арасында қатынайтын рейстері осы өңірді айналып өтеді.
Әуе компаниясы жағдайды мұқият қадағалап отыр, ұшқанда қауіпсіздік шаралары толық сақталады, — делінген Air Astana компаниясының хабарламасында.
19 қыркүйекте Әзірбайжан Таулы Қарабақта «терроризмге қарсы операция» басталғанын жариялады.
ҚР СІМ Таулы Қарабақ бойынша мәлімдеме жасады. Сыртқы саяси ведомство Қазақстан Республикасының Әзербайжан республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын оның халықаралық деңгейде танылған шекаралары шегінде берік қолдайтынын, сонымен қатар барлық мәселені саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді жақтайтынын атап өтті.