Студент тұзды топырақтан электр қуатын алуды ұсынды

Ақмола колледжінің 2-курс студенті Роман Мутасов тұзды топырақтан электр қуатын алуды ұсынды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Роман Көкшетау қаласы құрылыс–технологиялық колледжінің «Цифрлық техника» мамандығы бойынша 2-курс оқып жатыр.

Бір күні біздің үйде электр жарығы сөніп, бәрі қараңғыға батып кетті. Содан кейін мен «Электр қуаты бір сәтте жоғалып кетсе қайтеміз?» деп ойладым. Бұл сұрақ мені қызықтырып, түрлі ақпарат көзінен мәлімет жинадым, — дейді Роман Мутасов.

Роман қолданыстағы материалдардан электр энергиясын балама алу тәсілдеріне қызыға бастаған.

Роман жоба жетекшілерімен бірге 8*8*3 текше сантиметр өлшемді ванналар мен топырақ орналастыратын макет жасаған. Содан кейін мырыш пен мыс табақшалары орналастырылды.

Электр энергиясы осы экспериментте жүретін химиялық реакциялар арқылы өндіріледі, яғни мырыш пластинасы бар электрондар мыс пластинасына ауысады да, топырақ пен мырыш пластиналары арасындағы потенциал азаяды және пластиналардың өздері электрондардың жаңа зарядын алады. Бұл тізбектегі кернеу жеті және тоғыз вольтқа тең. Демек, химиялық реакциялар арқылы электр энергиясын алуға болады, — делінген хабарламада.