Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтарға арналған мобайл қолданба іске қосылды

Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтарға арналған Alеumet мобайл қолданбасы іске қосылды. Қолданбаны App Store мен Play Store дүкендерінен тегін жүктеп алуға болады.

Алдағы уақытта қолданбаның функциялары артады. Басқа қызметтерге, соның ішінде шипажай-курорттық емдеуге, ым-ишара тілі маманына, жеке көмекшіге тапсырыс беруге болады.

Айта кетейік, 2023 жылдың басынан бастап мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 377 мыңнан астам қызмет алған. Мұндайн қызметті қалай пайдалануды 1414 нөміріне қоңырау шалып, білуге болады.