Оқу-ағарту министрлігі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидасын өзгертетін құжат әзірледі. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.
Құжат бойынша мынадай өзгерістер енеді:
- Енді бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының 1-класына қабылданатын балалардың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен құжат 1 сәуірден бастап қабылданады.
- Көрсетілетін қызметті беруші оқуға қабылдау кезінде биылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан көрсетілетін қызметті алушыларға оқуға қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.
-
Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының 10-, 11- (12-) кластарына оқушылар қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып және білім алушының жеке өтінішінің не олардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің өтініші және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты негізінде жүзеге асырылады.
Өтініштер күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін қабылданады.
Құжатты қоғам 3 қазанға дейін талқылай алады.