«643 миллион теңге ұрлаған». «Қазақтелеком» бухгалтерінің ісі сотқа жолданды

«Қазақтелеком» АҚ филиалдары бухгалтерінің аса ірі көлемдегі ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына жолданды. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады.

«Қазақтелеком» АҚ филиалдары бухгалтері 2015-2022 жылдар аралығында негізсіз аударымдар арқылы 643 миллион теңгеден астам сома ақша ұрлаған, — делінген хабарламада.