Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Қайрат Боранбаевқа және қылмыстық істің басқа да қатысушыларына үкім шығарды.
Қайрат Боранбаев кінәлі деп танылып, оған алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкім шығарды: Жанұзақты ҚР қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 55-баптың 4-бөлігін қолдана отырып, бес жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын.
Боранбаев пен Наханова ҚР қылмыстық кодексінің 28-бабы 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы, 218-баптың 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, алғашқы екі бап бойынша әрқайсына алты жыл, мүлкін тәркілеу жазасы қолданылсын. 218-баптың 3-бөлігі 3-тармағы бойынша мүлкі тәркіленіп, 3,6 жыл мерзімге жаза тағайындалсын. 58-баптың 3-бөлігі бойынша Боранбаев пен Наханова мүлкі тәркіленіп, алты жылға бас бостандығынан айырылсын, — деген қаулы шығарды сот алқасының төрағасы Айсұлу Сламбекова.