Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда қылмыс...

Қазақстанда қылмыс деңгейі 15,2%-ке төмендеді

Қазақстанда қылмыс деңгейі 15,2%-ке төмендеді. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, аса ауыр қылмыстар 4,1%-ке (1 693-1 624), ауыр қылмыстар 16,5%- ке (31 128-25 990), ауырлығы орташа қылмыстар 17,9%-ке (49 762-40 857), онша ауыр емес қылмыстар 9,8%-ке (17 514 — 15 793) қысқарған.

Тергеуді қадағалау шеңберінде прокурорлар 57 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатқан. 671 адам прокурорлармен қызметтік үй-жайлар мен изоляторлардан босатылды.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу әрекеттерінің саны саны 14%-ке қысқарды. Тоғыз тұлға прокурорлар актісімен ақталды.