АҚШ үкіметі Google компаниясына қарсы сотқа шағым түсірді. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлады.
Сейсенбі күні Вашингтон сотында басталған сот процесі шамамен 10 аптаға созылады.
Америка билігі Google компаниясын Apple және Samsung сияқты жетекші технологиялық компанияларға бәсекені тежеп, өз шарттарын таңу арқылы билігі мен ұстанымын асыра пайдаланып, интернеттегі іздеу құралдары нарығында үстемдік етті деп айыптады.
Талап бойынша, олар үлкен шығынға қарамастан өз құрылғыларында Google іздеу жүйесін орнатуға мәжбүр.
АҚШ-тың әділет министрлігі бұл талапты дайындауға үш жыл жұмсады, ал Google өз құқықтарын қорғау үшін миллиондаған долларға үш тәжірибелі заң фирмасын жалдады. Компания нарықта ең жақсы іздеу жүйесі болғандықтан ғана үстемдік ететінін дәлелдегісі келеді. Google-ға қарсы талап — Вашингтондағы трансұлттық алпауыттар мен билік арасындағы қақтығыстардың бірі. Бұл осындай компаниялардың күнделікті өмірімізге қаншалықты терең енгенін және олардың ұлттық қауіпсіздіктен бастап азаматтардың жеке өмірін қорғауға дейінгі барлық аспектілерде қаншалықты маңызды рөл атқаратынын көрсетеді, — делінген хабарламада.