Басты бетЖаңалықтарАқша айырбастау...

Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 464–468 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 464–468 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 465,5–468,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 14 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 463,98 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,84 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,75–4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,77-4,87 теңгеден сатылып жатыр.