Тест. Қаржы сауатыңызды тексеріп көріңіз

Ақшаңызды қаншалық дұрыс жұмсап жүрсіз? Алдағы бірнеше жылдықта байып кетуіңіз мүмкін бе? Несие алғанда өзіңізге қарағанда банктың пайдасына жұмыс істеп жүрген жоқсыз ба? Бұл сұрақтарға жауап табу үшін қаржы сауатыңызды тексеруге арналған тестіден өтіп көріңіз.

Қаржы сауаты, несие, микронесие, кредит, банк картасы
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz
0%

Интернетте сауда жасағанда қай деректі енгізудің қажеті жоқ?

Дұрыс! Қате!

Онлайн-сауда жасағанда төлеу үшін карта деректерін енгізу керек. Мұндайда тек картада жазылған аты-жөніңізді, карта нөмірін, оның жарамдылық мерзімі мен картаның артында жазылған CVV-кодты жазу керек. Ал пин-кодты ешкімге айтуға болмайды.

Мүлікті сақтандыру қызметін қолданасыз ба?

Дұрыс! Қате!

Барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлікті бүлінуден, зілзаладан, өрттен, тұрмыстық газдың жарылуынан, бұзақылықтан, тонаудан, және тағы басқасынан сақтандыруға болады. Сақтандыруыңыз болса, қолайсыз жағдайда сақтандыру компаниясынан өтемақы ала аласыз.

Күтпеген жерден үстемақы алсаңыз, ақшаны қайда жұмсайсыз?

Дұрыс! Қате!

Достармен кездесіп, көңіл көтергенде, бір мезгіл өзіңізді қуантып, жаңа кеудеше сатып алғанда тұрған ештеңе жоқ. Бірақ процент мөлшерлемесі бар несиеңіз болса және оның аз бөлігін болса да, алдын ала төлесеңіз, келер айдағы төлем сомасы өзгереді немесе несиені өтеу ұзақтығы қысқарады. Демек, қарыздан сәл де болса, ертерек құтылу мүмкіндігі бар.

Мұндағы несие бойынша мөлшерлеменің ең жоғарысы қайсы?

Дұрыс! Қате!

Математика сабағында үйренген көбейту кестесін еске алыңыз: 1.5х365 күнге көбейтер болсақ, ақылға сыймайтын цифр шығады! Сондықтан несие алғанда алданып қалып жүрмеңіз.

Қазақстанда еңбек өтілі жоқ, зейнетақы аударымын жасамаған азаматтың минимал зейнетақы мөлшері қандай болады? Олар қанша теңге алады?

Дұрыс! Қате!

Азаматтың зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сонымен қатар мүлде жоқ болса, оған базалық зейнетақы төленеді. Базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-не тең, 2023 жылы бұл 24 341 теңге болды.

Айлық жалақының қанша бөлігін жинап отыру керек?

Дұрыс! Қате!

Қаржы эксперттері ай сайынғы жалақының кемі 10%-ін жинап отыруға кеңес береді. Бастысы - мұны тұрақты жасау. Бұл ақша өзіңізді қауіпсіз сезіндіреді. Ойламаған жерден жұмыстан айырылып қалсаңыз немесе қаржылай қиындыққа ұшырасаңыз, үлкен көмек болады.

Банк қызметкері картаңыздың жарамдылық мерзімі мен CVC/CVV-кодын қандай жағдайда сұрай алады?

Дұрыс! Қате!

Картаның жарамдылық мерзімі мен CVC/CVV-код - құпия дерек. Сондықтан банк қызметкерінің сізден мұндай ақпаратты сұрауға құқы жоқ.

Басшылық осы айда жалақы кеш түсетінін айтты, енді қайтесіз?

Дұрыс! Қате!

Өмір болған соң, түрлі жағдай болуы мүмкін. Айлық кеш түседі немесе ақшаңды жоғалтасың, тағы басқасы бар. Мұндай жағдайда ойыңызға келетін бірінші шешім қарыз алу болмауы керек. Дұрысы - осындай кезде қиналмас үшін ай сайын жалақының бір бөлігін жұмсамай, жинап отыру.

Сөмке аламын деп шығып, дүкендегі бір жейдені қатты ұнатып қалдыңыз, не істейсіз?

Дұрыс! Қате!

Тиыннан теңге жасаймын деген адамға эмоциямен бірнәрсе сатып алуға болмайды. Сондықтан дүкенге міндетті түрде қажет заттар тізімімен бару керек. Зерттеулерге қарағанда, адамдар алдын ала тізім бойынша сауда жасаса, әдеттегі шығынынан 13% аз жұмсайды.

Банктен несие алатын болсаңыз, не нәрсеге мән бересіз?

Дұрыс! Қате!

Несие алмас бұрын келісімшартты мұқият оқып шығу керек. Несиенің сомасын, процент мөлшерлемесін, қарызды уақытынан бұрын өтеу шарты қаншалық тиімді екеніне мән беру керек.

Тест. Қаржы сауатыңыз қай деңгейде?
Жарайсыз!

Қаржы сауаты, несие, микронесие, кредит, банк картасы

Қаржы сауатыңызды дамытуды тоқтатпаңыз. Ақшаңызды дәл осылай жұмсап, біліміңізді де осы қарқында дамыта берсеңіз, миллионер атанар күн де алыс емес!
Жаман емес!

Қаржы сауаты, несие, микронесие, кредит, банк картасы

Әр ай соңында ақшаңызды ақылмен жұмсауды ойлап, бірақ кейде ойыңыздан тайқып кете беретін сияқтысыз. Өзіңізге сәл қаталдау болып көріңіз. Айлығыңыздың 10%-ін бір шотқа жинауға дағдыланатын уақыт келді. Екі-үш ай эмоциямен жасалатын саудадан тыйылсаңыз, ақша жинап, оны ұқыпты жұмсау әдетіңізге айналғанын байқайсыз.
Нәтижеңіз нашарлау...

Қаржы сауаты, несие, микронесие, кредит, банк картасы

Шыны керек, сізге көп ізденіп, көп оқу керек. Ақшаны дұрыс басқара алмасаңыз, кейін қарызыңыз сізді басқарады. Бірақ ақырындап үнемдеп, қаржы сауатыңызға көңіл бөле бастасаңыз, жақын күндері байып та кетерсіз?!

Әлеуметтік желіде бөлісу: