Басты бетЖаңалықтарПрезидент Қатардың...

Президент Қатардың Power International Holding компаниясының иелерін қабылдады

Мемлекет басшысы Қатардың Power International Holding компаниясының иелері Рамез Әл-Хаят пен Муатаз Әл-Хаятты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесуде президент еліміздің Таяу Шығыстағы стратегиялық серіктесі саналатын Power International Holding компаниясы Қазақстан мен Қатар арасындағы экономикалық байланыстарды жолға қою ісіне тың серпін беретінін айтып өтті.

Сонымен қатар кездесуде энергетика және геологиялық барлау салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы, девелопмент-жобаларды іске асыру, денсаулық сақтау бағыттарындағы қарым-қатынастардың перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы дамыту бойынша Қазақстанда кешенді шаралар қабылданып жатқанын және шетелден тікелей инвестиция тарту үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.