Келер екі жылда республикада тоғыз су қоймасы салынады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Қазір 16 апатты нысанда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Енді мамандар 15 су қоймасында қайта құру жұмыстарын жүргізеді. Президенттің тапсырмасы бойынша республикада 20 резервуар салу керек. Бұл қосымша 800 миллион текше метр су жинауға мүмкіндік береді.
Халықтың және экономика салаларының қажеті үшін су тартудың жалпы көлемі шамамен 25 текше шақырым, оның ішінде ауыл шаруашылығына 65%, өнеркәсіпке 30%, қалғаны халық үшін пайдаланылады. Әзірленіп жатқан су кодексінде жаңа тарифтік саясаттың негізгі бағыттары ескеріледі. Саланы цифрландыру және тиімді тариф қалыптастыру мәселені шешуге тиіс, — деді су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов.
Президенттің сынынан кейін биыл шілдеде Астана су қоймасын тазарту басталды. Астаналық су қоймасы 1970 жылы салынғаннан кейін мүлде тазартылмаған. Бұл Астананы ауыз сумен қамтамасыз ететін жалғыз су қоймасы. Оның жалпы көлемі 410,9 миллион текше метр.