Басты бетЖаңалықтарБауыржан Сыздықов...

Бауыржан Сыздықов төтенше жағдайлар вице-министрі болды

ҚР үкіметінің қаулысымен Бауыржан Сыздықов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалады.

Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов 1973 жылғы 14 маусымда Шымкент облысы Бөген ауданы Задарья ауылында туған.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық университетін бітірген, гигиенист-эпидемиолог дәрігері, 2010 жылы Ресей Федерациясы төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғау академиясын бітірген.

Сонымен қатар «Командалық-штабтық оперативті-тактикалық азаматтық қорғаныс» мамандығы бойынша басқару саласындағы маманы, ал 2019 жылы Мәскеу қаласындағы «Синергия» Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университетін «Құқықтану» магистрін тәмамдаған.

2001-2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ басқармасының аға офицері, 2010-2012 жылдар аралығында ҚР ТЖМ азаматтық қорғаныс департаментінің халық пен аумақты қорғау басқармасының бастығы қызметін атқарған.

2012-2014 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары, 2014-2015 жылдар аралығында ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы,

2015-2019 жылдар аралығында ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болған.

2019 жылғы қараша айынан бастап ҚР ІІМ ТЖК Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарып келді.