Басты бетЖаңалықтарАтаулы әлеуметтік...

Атаулы әлеуметтік көмек алған 100 мыңнан аса отбасы кедейліктен құтылды

Былтыр атаулы әлеуметтік көмек алған (АӘК) 100,4 мың отбасы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 2023 жылы кедейлік жағдайынан шықты.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

2022 жылы АӘК алушылар саны 141,5 мың отбасы (728,7 мың адам) болды, биыл 1 тамызда 102,7 мың отбасы (538,9 мың адам) атаулы әлеуметтік көмек алды.

Қабылданған шаралардың, әсіресе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту нәтижесінде 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған 141,5 мың отбасыдан өз өмірін қалыпқа келтіру үшін берілген мүмкіндікті сәтті пайдаланған 100,4 мың отбасы кедейлік жағдайынан шықты, — делінген хабарламада.

Өңірлер арасында АӘК алушылардың ең көбі Түркістан облысында – 25,1 мың отбасы немесе 24,4%, Шымкент қаласында – 11,1 мың отбасы немесе 10,8%, Қызылорда облысында – 8,8 мың отбасы немесе 8,6%, Алматы облысында – 8,6 мың отбасы немесе 8,4%, Жамбыл облысында – 7,2 мың отбасы немесе 7%, Жетісу облысында – 6,2 мың отбасы немесе 6% тіркелген.