Биыл 11 қыркүйектен бастап Алматының Медеу ауданындағы автотұрақтарға ақы төлеу жүйесі іске қосылады. Бір сағаттың құны – 100 теңге.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, тротуар түріндегі автотұрақтар 15 шілдеден 11 қыркүйекке дейін тегін болды, өйткені ақылы тұрақтардың жаңа бірыңғай операторы — «Алматы паркинг» бағдарламалық қамтамасыз етуге қосылмаған еді.
Медеу ауданында жаңа жаңартылған ақпараттық тақтайшалар бойынша барлығы 12 тұрақ аймағы жұмыс істейді, оның 4 828-і тротуар тұрағы, 360-ы мүгедектерге арналған орын. Ақылы автотұрақтың жұмыс режимі – күн сайын сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін.
Көк базар маңындағы №6547 тұрақ аймағының тарифі сағатына 150 теңге. Автотұрақ үшін төлемді былай жасауға болады:
— «Алматы автотұрақтары» мобайл қолданбасы арқылы минутына. Бұл қосымшаны телефонға Play Market және Apple Store дүкендерінен жүктеуге болады;
— almaty-parking.kz сайты арқылы
— Kaspi.kz мобайл қолданбасы арқылы ақпараттық тақтадағы QR-код бойынша.