«Майор Гром: Ойын» блокбастерінің авторлары мен актерлары Астанаға барады

Comic Con Astana конвентінің арнайы қонақтарының қатарында Bubble Studios және Плюс Студияның  жаңа блокбастері —  «Майор Гром: Ойын» экшн-фильмінің авторлары бар. Фестивальға Тимур Бекмамбетовпен бірге атақты Голливуд жобаларын істеген қазақстандық экшн-көріністердің режиссері Роберт Кун барады.

Бүгінде «Майор Гром» — Ресейдегі ең танымал және табыс көп әкелген комикс. Оның 1 000 000 данадан асатын жалпы 25 кітабы және 100 шығарылым белгісі бар. Сөйтіп ол ұлттық бестселлерге айналды.

Фестивальға Bubble Comics негізін қалаған, «Майор Гром» франшизасының сценарисі және продюсері Артем Габрелянов, режиссер Олег Трофим, баспа үйінің бас редакторы Роман Котков, Плюс Студия продюсері және жетекшісі Михаил Китаев қатысады.

Олармен бірге Астанаға «Майор Гром: Ойын» фильмінің әртістері барады: бірінші фильмнің жанкүйерлеріне танымал Александр Сетейкин мен Сергей Горошко, бас антагонист рөлін сомдаған Матвей Лыков бірге барады. Фестиваль сахнасын фильмнің экшн-көріністерін қойған қазақстандық «Кун-До» студиясының жетекшісі Роберт Кун бөліседі.  Студияның фильмографиясында 40-тан астам жоба бар: голливудтық «Іздеу» және «Профиль» скринлайф-триллерлері, «Аса қауіпті», «Президент Линкольн: Вампир аңшысы» блокбастерлері және Тимур Бекмамбетовтың «Бен-Гур» ремейгі, ресейлік Милла Йовович түскен «Үздіктер уақыты», «Молот», «Соңғы батыр: Қараңғылықтың хабаршысы» және «Выкрутасы» жобалары.

Роберт Кун. Фото: Comic Con Astana

«Гром» авторлары жанкүйерлермен сұхбаттасып, автограф сессиясын өткізеді, фильмнің эксклюзив жарнамалық материалдарын ұсынады және фестиваль көрерменін қарқынды дамып келе жатқан кинофраншизаның кейіпкерлерімен егжей-тегжейлі таныстырады.

«Майор Гром: Ойын» лентасы — «Майор Гром: Оба дәрігері» фильмінің тікелей жалғасы және бұрын шығарылған «Гром: Ауыр балалық шақ» преквел сериясының үшінші фильмі.

Сиквелдің сюжеті бойынша, Оба дәрігерін жеңгеннен соң бір жыл өтті, Игорь Гром қаланың қаһарманына айналды. Енді оны жаңа суперзұлыммен жекпе-жек күтіп тұр.

Фильм 2024 жылы кең прокатқа шығады. 

Еске сала кетейік, Comic Con Astana — комикс, кино, видео ойындар, аниме және заманауи танымал мәдениеттің басқа да салаларына арналған халықаралық фестиваль. Бұл ауқымды шара 15-17 қыркүйек аралығында Қазақстанның астанасында өтеді.