Басты бетЖаңалықтарМемлекет басшысы...

Мемлекет басшысы Ақордада Албания президентін қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Албания президенті Байрам Бегайды Ақордада қарсы алды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауыл сап түзеп, оның бастығы мемлекеттер басшыларына сәлемдік баянат берді. Осыдан кейін президенттік оркестр екі елдің әнұрандарын орындады.

Одан әрі Байрам Бегай мен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.

Сонан соң мейман мен президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді.

Албания президенті құрметті қарауыл бастығымен қоштасып, Қ.Тоқаевпен шағын құрамдағы кездесуге өтті.