Биыл тамыз айында теміржол көлігімен астық тасымалы екі есеге өсті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл тамыз айында ҚТЖ желісі бойынша 1 миллион тоннадан астам астық тиелді, бұл былтырғы сәйкес көрсеткіштен екі есе жоғары.
2022 жылғы қыркүйек пен 2023 жылғы тамыз аралығында шамамен 12 миллион тонна астық тасымалданды, бұл өткен маусымға қарағанда 20%-ке жоғары.
Астық экспорты 25%, яғни 10 миллион тоннаға дейін өсті.