Мемлекет басшысының жарлығымен Ғабит Сыздықбеков Шымкент әкімі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Ғабит Сыздықбеков 1980 жылғы 8 шілдеде Шымкентте дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.
2004-2007 жылдары – мемлекеттік хаттама қызметінің атташесі, мемлекеттік хаттама қызметінің үшінші хатшысы, Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы, ҚР СІМ кеңсесінің баспасөз қызметінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы;
2007-2011 жылдары – парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас сарапшысы; парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты-сектор меңгерушісінің м.а.; халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі; ҚР парламенті сенатының аппараты;
2011-2012 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы;
2012-2017 жылдары – Франция Республикасындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің кеңесшісі;
2017 жылы – ҚР СІМ әкімшілік және бақылау департаментінің кеңесшісі.2017-2019 жылдары – ҚР парламенті сенаты төрағасының кеңесшісі; ҚР парламенті сенаты аппаратының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі;
2019 жылы – ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі;
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі;
2021 жылы ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды;
2023 жылғы ақпаннан осы уақытқа дейін үкімет аппараты басшысының бірінші орынбасары болды.