Ертең, 6 қыркүйек таңертең Астанада халықты төтенше жағдайлар жөнінде құлақтандыруға арналған дабыл жүйелері іске қосылады.
Бұл туралы ТЖД хабарлады.
Қазір елімізде «Қорғау-2023» республикалық штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр.
Соның аясында 6 қыркүйекте алдын ала болжам бойынша сағат 09.00-де теле-радио арналарды қамти отырып, электродабылдарды қосу арқылы Астана қаласының құлақтандыру жүйелері тексеріледі, — делінген хабарламада.
ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтауға және үрейленбеуге шақырды.