Басты бетЖаңалықтарАлматыда атыс...

Алматыда атыс болды: екі адам жараланды

Алматыдағы әл-Фараби мен Фурманов көшелерінің қиылысындағы «Сансет» мейрамханасында түнгі сағат 00.30 шамасында атыс болды.

Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, бетперде киген төрт адам келіп, Макаров тапаншасынан оқ жаудырған. Біреуі асқазанынан, екіншісі аяғынан жараланған.

Полицейлер бұл деректі Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция бөлімі тіркеп, тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Қылмыс орнына қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров бастаған жедел-тергеу тобы барды. Қазіргі таңда аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілердің бірі қамауға алынды. Қалған қатысушылар анықталып, тиісті жауапкершілікке тартылады.