Астанада екіпәтерлі тұрғын үйде өртенді. Бұл туралы төтенше жағдай министрілігі хабарлады.
Бүгін түнгі сағат 01.25-те өрт сөндіру қызметіне Титов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келгенде екіпәтерлі тұрғын үйде 70 шаршы метр алаңда өрт болып жатты. Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 1970 жылы туған ер адамды құтқарып, орташа дәрежедегі улы газдан улану диагнозымен ауруханаға жеткізілді, — делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер өртті сөндірген кезде 1983 және 1970 жылдары туған екі ер адамның және 1971 жылы туған әйелдің денесін тапты. Өрт сағат 02.55-те толығымен сөндірілді.
Алдын ала болжам бойынша өрт сөндірілмеген темекіден болуы мүмкін.