Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Aqorda.kz хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі болып тағайындалды, — делінген ведомствода.
Ол бұрын атқарған лауазымынан босатылды.