Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары ретінде тағайындалды. Бұл туралы Aqorda.kz хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер-пинистрінің орынбасары болып тағайындалды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін ол сауда және интеграция министрі болды. Оның жұмысын енді Арман Шаққалиев атқарады.