Басты бетЖаңалықтарПрезиденттің экономикалық...

Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі жаңа көмекшісі тағайындалды

Әсет Ерғалиев президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін ол стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.