Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігі мен қауіпсіздік кеңесінің бірқатар қызметкерін лауазымынан босатты.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты:
- Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымынан;
- Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан;
- Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан;
- Ержан Хозеұлы Қазыхан Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымынан;
- Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан;
- Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі Басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан;
- Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі лауазымынан;
- Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты:
- Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
- Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасының қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі лауазымынан;
- Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
- Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.